Футбол
1 мин оқу 410
Франция-Морокко құрамаларының ойыны қашан басталады
<p style="text-align: justify;">Желтоқсанның 14-інен 15-іне қараған түні футболдан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді. Онда Франция мен Марокко құрамалары кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Франция-Марокко матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 01:00-де басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көруге болады.
Еске салайық, плей-офф кезеңінде Франция құрамасы алдымен Польша құрамасын (3:1), одан кейін Англия құрамасын (2:1) ұтқан болатын. Марокко құрамасына келсек, ол бірден екі сенсация тудырды: біріншіден, Испания құрамасын турнирден шығарып жіберді (3:0), содан кейін Португалия құрамасын жеңді (1:0).
Бөлісу: