Ауа райы
1 мин оқу 290

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күтіледі

<p style="text-align: justify;">15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай орталығы Өскеменде орналасқан кең ауқымды антициклонның ықпалымен анықталады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және ауаның төмендеуі күтіледі. Солтүстікте ауа температурасы 23-28 градус аяз болады. Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, аздаған қарлы боран күтіледі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тұман күтіледі», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Бөлісу:
Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар