Қаржы
1 мин оқу 280
Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап құлдырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 468,52 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 469,35 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,59 теңгеден сатып алынып, 471,92 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,38 теңге, сату – 472,50 теңге.
Бөлісу: