Елордада пара таеквондодан қалалық жарыс өтеді
<p style="text-align: justify;">17 желтоқсанда елордада Тәуелсіздік күніне орай тірек – қимыл аппараты зақымдалған, есту қабілеті төмен спортшылар арасында пара таеквондодан қалалық жарыс өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Жарысқа қатысушылар «пхумсе» және «керегу» бағдарламалары бойынша әр түрлі салмақ санаты бойынша өнер көрсетеді.
Пара таеквондо жаттықтырушысы Ербол Симамбаевтың айтуынша, қалалық жарыс Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Жарысқа шамамен 20-ға жуық пара спортшы қатысады. Мұндай жарыстар қаламызда жиі өткізіліп тұрады. Бұл жарыс демонстрациялық орындау бағдарламасы бойынша өтеді.
Жарыс 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталағында (Ақшоқы 2) өтеді.