Аймақтар
1 мин оқу 243

ШҚО-да жүргізу құқығынан айырылған адамдар автокөлік жүргізген

<p style="text-align: justify;">Биыл Шығыс&nbsp; Қазақстан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 700-ден астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жекелеген адамдар заңнамалық тыйымға қарамастан, көлік құралдарын басқаруды жалғастырған. Желтоқсан айында облыс прокуратурасының бастамасымен жол-патрульдік қызметімен бірлесіп осындай құқық бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде 5 адам ұсталып, оның ішінде 4 адам бұрын мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Барлығына ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлігімен 50 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Жыл ішінде құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған адамдар ӘҚБтК 612-бабы 4-1 бөлігі бойынша жазаланды. Оның санкциясы неғұрлым қатаң жаза қолдануды қарастырады (70 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулік әкімшілік қамауға алу).

Прокуратура мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Тек осы жылы прокуратураның үйлестіруімен осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 адам ұсталып, жауапқа тартылды.

Бөлісу:
ШҚО-да жүргізу құқығынан айырылған адамдар автокөлік жүргізген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар