Хоккей
1 мин оқу 192

Мәскеуде бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">15-18 желтоқсан аралығында Ресей астанасы &ndash; Мәскеуде шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогі жолындағы жарыстың жалауы желбірейді. Жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі додада айдын иелерінен бөлек, Беларусь пен Қазақстанның ұлттық құрамалары да күш сынасады.</p>

Мәскеуде бақ сынайды

Аталған турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка қай шәкірттеріне сенім артатынын жария етті. Мәскеуге сапар шегетіндердің тізіміне мына хоккейшілер енді: Қақпашылар – Никита Бояр­­­кин («Барыс»), Юргис Ду­­бинскас («Номад»), Денис Ка­­ратаев («Сарыарқа»). Қор­ғаушылар – Әділ Бекетаев, Те­мірлан Гайтамиров, Самат Да­нияр, Егор Шалапов («Ба­рыс»), Леонид Метальников («Ад­мирал»), Алексей Ма­клю­ков, Валерий Орехов («Ме­таллург»), Еміл Нұрғалиев («Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»). Шабуылшылар – Әли­хан Әсетов, Никита Ми­хайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Антон Сагадеев, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шес­таков, Дмитрий Шевченко («Ба­рыс») Павел Акользин («Металлург»), Александр Бо­ри­севич («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Арлан»), Максим Мухаметов («Номад»), Кирилл Панюков («Ақ Барс») және Роман Старченко («Спартак»).

Бірінші арна кубогі жо­лындағы турнирдің тұсауы сонау 1967 жылы кесілген. Сол аралықта жарыс қожайындары ең көп олжаға кенелді. КСРО мен Ресейді қоса алғанда олар 35 мәрте бас жүлдені олжала­ды. Чехия тоғыз рет топ жарса, Швеция бес жарыста дара шықты. Финляндия үш мәр­те қарсылас шыдатпаса, Кана­да бір рет теңдессіз деп танылды. Мәскеудегі додада Қазақ­станның хоккейшілері де сан рет өнер көрсетті. Алайда сол жарыстардың бірде-біреуінде жерлестеріміздің бағы жанбады.

Бөлісу:
Мәскеуде бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар