Оқиға
1 мин оқу 300

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қызылорда &ndash; Теренөзек тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тасжолда КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп жазылған хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар