Аймақтар
1 мин оқу 1,490

Өскеменді қар басты

<p style="text-align: justify;">Тәулік бойы жауған қардың кесірінен Өскеменде қозғалыс қиындады. Көлікті қойып, жаяу жүргіншілердің жүруі мұң еді. Бүкіл қаладағы қарды тазалауға 86 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде жолдарды тазалап үлгермей жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменді қар басты

Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Өскемен мен Глубокое ауданындағы орта мектептердегі барлық сыныптарда сабақты қашықтан оқытуға көшірілді. 

 д

Қоғамдық көліктердің қатынауы да қиындаған. Ал, аялдамалардың көбін қар басып жатыр. Жолдағы қар әлі толық тазаланбағандықтан, кейбір автобус жүргізушілері бүгін рейске шығудан бас тартқан.  

 д

Қарға қамалған тұрғындар жұмыстарына кешікті. Аулалар қардан толығымен тазаланған жоқ әлі. Өскемен – Алтай бағытындағы күре жолға шектеулер енгізілді. 

 л

– Бүгін бізде қаншама жүргізушілер шыққан жоқ. Өйткені оның бәрі жасқанады. Жолға сыймайсың. Жол тар. Аялдамада айнала алмайсың, – дейді автобус жүргізушісі Болат Мүсекенов.

 л

«Таза Өскемен» КМК директоры Асхат Тәженовтың айтуынша, соңғы  2 аптадан бері қар күн ара  толассыз  жауды. Ал кешеден бері оның қалыңдығы бір метрге жетті. Дәл мұндай қар 5-6 жыл бұрын  болған. Сондықтан, төрт-бес жылда бір рет көп түсетін қар үшін техниканың санын көбейту  тиімсіз.  Тұрғындар  сәл  шыдамдылық танытса бір-екі күнде бәрі реттеледі.

ж

г

Бөлісу:
Өскеменді қар басты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар