Оқиға
1 мин оқу 280

Канадада ұшақ апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Канаданың Ньюфаундленд провинциясында шағын азаматтық ұшақ апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәліметтерге сәйкес, оқиға Канада қарулы күштерінің әскери базасы маңында болған. Шағын ұшақ Happy Valley Goose Bay әуежайынан 5 шақырым жерде орман белдеуіне құлады.

Зардап шеккендерге әскерилер көмектескен. Апаттан аман қалған ұшқыш пен жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:
Канадада ұшақ апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар