Қазақстан
1 мин оқу 184

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына тікелей рейспен ұша алады

<p style="text-align: justify;">Сейшель аралдарының ұлттық әуе компаниясы &laquo;Air Seychelles&raquo; Қазақстанға рейс ашады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бұрын хабарлағандай, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында қазақстандық делегация Сейшель аралдарының авиациялық билік органдарымен келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Осы жұмыстардың нәтижесінде Air Seychelles 26 желтоқсаннан бастап Алматы – Махе бағыты бойынша (Абу-Дабиге техникалық қонумен) аптасына 2 рейс жиілігімен бейсенбі және жексенбі күндері A 320 Neo әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

Air Seychelles — штаб-пәтері Сейшель аралдарының халықаралық әуежайында (Махе) орналасқан Сейшель аралдарының авиакомпаниясы. Әуе компаниясы 1977 жылы ішкі рейстер үшін құрылған. Air Seychelles 1983 жылдан бері халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркі 7 A 320 Neo, DHC-6 ұшағынан тұрады. Air Seychelles әуе компаниясы Тель-Авивке (Израиль), Йоханнесбургке (Оңтүстік Африка), Plain Magnien (Маврики), Мале (Мальдив аралдары) және Бомбейге бағытталған (Үндістан) рейстерді орындайды.

Бөлісу:
Қазақстандықтар Сейшель аралдарына тікелей рейспен ұша алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар