Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасы жұмыс істемейді
<p style="text-align: justify;">16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.