Оқиға
1 мин оқу 780

Мұз құрсауындағы кеме

<p style="text-align: justify;">Атырауда балық тиелген кеме мұз құрсауында тұр. Енді бұл кемені күн жылынбай жағаға жеткізу мүмкін емес.</p>

Мұз құрсауындағы кеме

Кеме капитаны Иван Павловтың айтуына қарағанда, балықшылар Каспий теңізінен балық аулап келе жатқан. Кемеге 7 тонна балық тиелген. Жайық өзеніне өтуге 6 шақырымдай қалғанда, су көлігі таяз жерге тіреліп қалған. Оның мұз құрсауында тұрғанына 3 апта болған.

– Теңіз жақтан қатты жел соқса, су келетін еді. Біз сондай сәтті күттік. Өйт­кені таяз жерден шығып кету мүмкін емес. Күн күрт салқындап, кемеміз мұз­дың құрсауында қалды. Енді күн сайын таңертең мұзды ойып жүрміз. Себебі мұз қалыңдығы әртүрлі – бір түнде 5 см, кейде 3 см болады. Мұз қалыңдап, кемені қысатын болса, корпусын жарып жібереді, – дейді Иван Павлов.

Мұз құрсауындағы кемені «Аман­гелді» ЖШС балықшылары күзе­тіп жүр. Балықшылар кеменің мұз құрсауында қалуын каналдар түбінің тереңдетілмеуімен байланыстырып отыр.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәді­бекұлының мәліметінше, Жайық өзе­нінде тереңдету жұмысын жүргізуге 7 млрд, Қиғаш өзені бойынша 11 млрд теңге қажет. Осыған байланысты ұсы­ныс та, сұраныс та тиісті органдарға, министр­лікке жолданған.

Атырау облысы

Бөлісу:
Мұз құрсауындағы кеме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар