Футбол
1 мин оқу 480

Нұрәлі – «Зениттің» ойыншысы

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының &laquo;Қайрат&raquo; клубының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Ресейдің тоғыз дүркін чемпионы &ndash; &laquo;Зенит&raquo; командасымен екі жарым жылдық келісімшартқа қол қойды.</p>

Нұрәлі – «Зениттің» ойыншысы

Биыл Ақтау футбол мектебінің түлегі Нұрәлі Әліпті Санкт-Петербург клубы жалға алған еді. Осы уақыт аралығында жерлесіміз «Зенитпен» бірге футболдан Ресей чемпионатының жеңімпазы және Суперкубок иегері атанды. Сондай-ақ ол ресейлік клуб сапында 14 матчта алаңға шығып, бір ойында сары қағазбен жазаланды.

Санкт-Петербург клубының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысымен келісімшарт «2,5 +1» жүйесі бойынша жасалған.

Бөлісу:
Нұрәлі – «Зениттің» ойыншысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар