Спорт
1 мин оқу 220

Әлем кубогінде жүлдегер атанды

<p style="text-align: justify;">Аустрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан жастар арасын&shy;дағы Әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды. 15 шақырымға созылған жарыста қазақстандық Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.</p>

Әлем кубогінде жүлдегер атанды

Жерлесіміз нысана көздеу сәтінде екі рет мүлт кетіп, соның салдарынан жарыс жеңімпазы атанған эстониялық Якоб Кульбиннен 22 секундқа қалып қойды. Спринтте жастар арасындағы әлем чемпионы Якоб нысана көздеуде тек бір мәрте қателікке бой алдырды. Ал үздік үштікті германиялық Ханс Кёльнер түйіндеді.

Бөлісу:
Әлем кубогінде жүлдегер атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар