Анджелина Джоли БҰҰ-дағы қызметінен кетеді
<p style="text-align: justify;">БҰҰ-да жиырма жыл жұмыс істеген америкалық актриса Анджелина Джоли Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) арнайы өкілі қызметінен кетеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бүкіл әлем бойынша күштеп қоныс аударылған адамдардың құқықтарын қорғайтын комиссиядағы 20 жылдан астам адал жұмысынан кейін Анджелина Джоли БҰҰ БЖКБ арнайы өкілі ретіндегі қызметін аяқтайды», деп жазылған ұйымның веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде.
«Біз оған ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі үшін алғыс айтамыз», деді Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.
Актриса 2001 жылдан бері БҰҰ БЖКБ-де жұмыс істеп келеді. Ал 2012 жылы ол ұйымның арнайы өкілі болып тағайындалды.
Айта кетейік, мәлімдемеде актрисаның БҰҰ қызметкерлерімен бірге Йемен мен Буркина-Фасоны қоса алғанда, 60-тан астам дала миссиясын орындағаны айтылған.