Аймақтар
1 мин оқу 521

Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді

<p style="text-align: justify;">15 желтоқсанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі және деструктивті діни ағымды ұстанушы Алға ауданының тұрғынынан мекенжайы бойынша тінту шараларын жүргізу барысында қару-жарақ табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тінту шараларын жүргізу барысында «Макаров» тапаншасы, 12 калибрлі «Mossberg» маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оқтары, 12 калибрлі 19 дана оқ дәрілер, аңшы пышағы, оқ салғыш белдігі және 18 дана діни әдебиеттер тәркіленді», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Аталған дерек Алға ауданы ПБ ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жинақталған дәлелдемелер негізінде Алға ауданы тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленіп ҚР ҚПК 128 бабы тәртібінде Алға ауданы ПБ УҰИ қамалды.

Бөлісу:
Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар