Футбол
1 мин оқу 310

Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Хорватия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Vesti.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жартылай финалда жеңіліп қалған Хорватия мен Марокко құрамалары қола медальді сарапқа салды. Ойын жылдам голмен басталды. 7-минутта Йошко Гвардиол хорваттарды алға шығарды. Бірақ екі минуттан соң африкалық құрама таразы басын теңестіріп тастады - Ашраф Дари баспен дәл соққы жасады.

Ал командалар үзіліске кетер тұста Мислав Оршич сол жақтан допты айналдыра теуіп, Хорватия құрамасының екінші голын салды.

Екінші таймда қауіпті шабуыл көп бола қоймады - барлық соққыны қақпашылар қайтара алды.

Осылайша, Хорватия құрамасы 2:1 есебімен жеңіп, тарихында екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бөлісу:
Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар