Бүгін бірқатар өңірде қар жауады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. Моңғол антициклонының әсерінен еліміздің орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.