Руханият
1 мин оқу 480

Ойға жетелер «Ой-керуен»

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Ұлттық акаде&shy;миялық кітапханада ақын, журналист Айгүл Сейілдің &laquo;Ой-керуен&raquo; атты кітабының таныстырылымы өтті.</p>

Ойға жетелер «Ой-керуен»

Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің «Әдебиеттің әлеу­мет­тік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында жарық көрген бұл кітапқа Айгүл Сейілдің әр жылдары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жас қазақ» сынды рес­публикалық мерзімді басылымдарда жарияланған танымдық мәні терең, оқырманға ой салатын дүниелері енгізілген.

Кітаптың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, қалам­гер­дің әріптестері, оқырмандары, жас­тар қатысып, Айгүл Сейілдің шығар­машылығы жөнінде жылы лебіз­дерін білдірді.

«Бұл кітапқа салмақты, құнды дүниелер енгізіліпті. Мұндағы әде­би зерттеулер жинақы жа­зыл­ған. Айгүл Сейіл осы кітап арқы­лы журналистиканың жүгін арқа­лай жүріп, өзінің шығармашы­лық әлеуетін көрсете білген. Айгүлге шы­ғармашылық табыс тілеймін», деді Қазақстан жазушылар одағының Астанадағы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.

Бөлісу:
Ойға жетелер «Ой-керуен» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар