Спорт
1 мин оқу 365

Сергейдің сенімді жеңісі

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған UFC Fight Night кешінде қазақстандық файтер Сергей Морозов (19-5) атал&shy;ған ұйымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.</p>

Сергейдің сенімді жеңісі

Жекпе-жек кешінің шымылдығын 33 жастағы жерлесіміз С.Морозов пен жергілікті спортшы Джурни Ньюсон (10-4-0-1) ашып берді. Үш раундқа жоспарланған алғашқы айқаста жерлесіміз қарсыласына қарағанда дәл соққыларды көп жұмсап, нәтижесінде үш төреші де жеңісті бірауыздан отандасымызға берді – 30-27, 29-28, 29-28. Бұл – Сергейдің UFC ұйымындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол бес айқаста қарсыласынан жеңілген еді.

Өкінішке қарай, UFC-де өнер көрсететін Орынбордың қазағы Дамир Исмағұлов (24-2) бұл кеште жеңіліп қалды. Әлем­дік рейтингте тоғызыншы орында тұрған Арман Царукянмен (19-3) жұдырықтасқан Дамир үш төрешінің бірауыздан шығарған ше­шімімен қарсыласына жол берді.

Бөлісу:
Сергейдің сенімді жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар