Руханият
1 мин оқу 240

«Ұлт рухының діңгегі» акциясы

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күні қарсаңында &laquo;Amanat&raquo; партиясының &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанатының белсенділері елордадағы &laquo;Қаламгерлер&raquo; аллеясында &laquo;Алаш&raquo; қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.</p>

«Ұлт рухының діңгегі» акциясы

«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қана­тының белсенділері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы ескерт­кішіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіз­дік­пен еске алды. Ұйымдасты­ру­шы­лардың айтуынша, «Тәуел­сіздік – ұлт рухының діңгегі» акциясы – Азаттық жолын­да құрбан болған «Алаш» қоз­ғалысының ұлы қайраткерлеріне көрсетілген құрмет.

«Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың ай­ту­ын­ша, тәуелсіздік халқы­мыз­дың қастерлі құндылығы екенін жас­тар қауымы жақсы түсінуі тиіс.

«Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті ұғым. Соның арқасында Қазақстан же­місті жетістіктерге қол жет­кізді. Бостандық ұлттық рухы­мыздың өзегі екенін жастар қауы­мы терең түсінсе дейміз. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Алаш қайраткерлерінің дербес мем­лекет болып, жер жүзімен тере­зесі тең қатынас орнату жөнін­дегі арман-мақсаты жүзеге асты. Тәуелсіздікті нығайту және мем­ле­кеттілікті қорғау тарлан та­рих пен болашақ ұрпақ алдын­да­ғы парызымыз екеніне сенім­діміз», деді Нұржан Жетпіс­баев.

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өтті.

Бөлісу:
«Ұлт рухының діңгегі» акциясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар