Бокс
1 мин оқу 220

Қазақстандық боксшы Дубайдағы кәсіпқой бокста жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (13-2, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Коточигов Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінің аясында өнер көрсетті. Ол Танзания өкілі Исаак Мушимен (6-3-1, 4 КО) жұдырықтасты. Жиын төрешілердің басым бөлігінің шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек «Қазақ патшасы» лақап аты қойылған боксшының 2021 жылдың наурызынан бері бірінші жекпе-жегі болды. Бұрынғы кездесуінде Викторды британдық спортшы Гари Калли (15-0, 9 КО) жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған Еуропа чемпионы атағы үшін нокаутқа түсірген болатын.

Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Дубайдағы кәсіпқой бокста жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар