Әлем
1 мин оқу 200

Жапонияда 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

<p style="text-align: justify;">Жапон теңізінің жағалауындағы &nbsp;бірнеше аймақта және Хонсю аралының солтүстік-шығысында жауған қалың қар салдарынан 16 000 үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясы хабарлады. 

Ниигата өңіріндегі 11 000 үйде электр жарығы жоқ. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жексенбі күні Жапонияның солтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жауды. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қардың қалыңдығы бір-екі метрге жеткен. 

Өңірлерде көлік қозғалысы да қиындаған. Кейбір бағыттағы пойыздар тоқтатылды.

Бөлісу: