Аймақтар
1 мин оқу 223

ШҚО-да 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан олысында&nbsp;40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларға шетелден қонақтар келген туралы уақтылы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізді.

Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 98 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, олардың 39-ы шетелдіктер, сондай-ақ олардың екеуі Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға 3 күн ішінде көші-қон қызметіне оларға шетелдік азаматтардың келгені туралы хабардар етуге міндетті екенін ескертеді. Уақтылы хабарламаған жағдайда қабылдаушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
ШҚО-да 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар