Аймақтар
1 мин оқу 410

Атырауда 11 мектеп салынып жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырауда орта мектептердің үш ауысымда оқыту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазір қалада және қала маңындағы елді мекендерде 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңаталап, Дамба, Ақжар-2, Бірлік-2, Көктем-2 ауылдарында, қалалық Нұрсая, Сарыарқа, Еркінқала-2, Тасқала-2, Талғайран шағын аудандарында жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы №1 орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектептердің ашылуы үш ауысымда оқытуды барынша азайтуға мүмкіндік береді», деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Атырау қаласы мен Бисекті және Еркінқала-2 ауылдарында тоғыз балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қалада балабақшалар жаңа шағын аудандарда ашылады.

Келер жылы «Комфорт мектебі» пилоттық жобасы бойынша қалада сегіз мектептің құрылысы басталады.

Бөлісу:
Атырауда 11 мектеп салынып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар