Руханият
1 мин оқу 272

Алпыс отбасы баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күні мерекесі мен Төлеби ауда&shy;нының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығы Ленгір қаласында 3 көп&shy;қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. &laquo;Нұрлы жер&raquo; бағдарламасы аясында са&shy;лынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 от&shy;басыға бас&shy;пана кілттері табыс етілді.</p>

Алпыс отбасы баспаналы болды

Баспана әлеуметтік осал топтар сана­тын­­дағы отбасылар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға берілді. Жаңа қоныс иелерін құттықтауға келген Түркістан облы­сы­ның әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік жылдары бір ғана Төлеби ауданында мемлекет есебінен 30-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 500 отбасы қоныс тойын тойлағанын атап өтті. Сондай-ақ ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығында Төлеби бабаның еңселі ескерткіші ашылды. «Төлеби баба» саябағында орналасқан биіктігі 23 метр болатын мыс ескерткіш кәсіпкер Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен жасалған. Мүсін салмағы – 25 тонна. Мерекелік жиында Төлеби ауданының тарихы дәріптеліп, тарихи тұлға туралы деректер айтылды. Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтетін Төлеби ауданы тарихи мұраларымызға өте бай. Түркістан облысындағы ең биік нүкте – Сайрам шыңы осы ауданда орналасқан. Өлкеде 100-ден аса археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштердің орны белгіленген. Ауданнан табылған мәдени ошақтар ашық аспан астындағы мұражайға айналып отыр.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Алпыс отбасы баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар