Әдебиет
2 мин оқу 370

Тарихи аналар бейнесін сомдаған

<p style="text-align: justify;">Дала сыры дәуірлердің мұңы мен жыры, адамзаттың үні арқылы әспеттеліп жатса, ел мен жер тарихындағы аналар рөлін қайда қоясыз? Осынау ұлы даладағы ұлағатты ұрпақты дүниеге әкеліп қана қоймай, бағып-қағып жеткізуші, махаббат пен мейірім сыйлау&shy;шы, керек кезде елдік пен ерліктің туын көтерген аналар бейнесінің тұтас галереясын халықаралық &laquo;Алаш&raquo; әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Шәрбану Бейсенованың шығармашылығынан көре аламыз.</p>

Тарихи аналар бейнесін сомдаған

Бұған дейін қаламгердің «Ұлы дала арулары» сериясымен шық­қан «Сүйінбике», «Бозоқ аруы», «Ұрпағына ұран болған аналар» атты кітаптары оқырмандарына жол тартқанын білеміз. Аталған еңбектердің жалғасындай кезекті кітабының тұсаукесер рәсімі мен таныстырылымы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің кітапха­насында өт­ті. Көпшілікке таныс­тырылған «Айымдар жоқшысы» кіта­бының авторы Шәрбану Қонақбайқызы – қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі әлемі тарихында айрық­ша орны бар ұлы аналарымыз бен қай­раткер ханымдар тұлғасын тасқа қашап келе жатқан қаламгер. Ұлы дала төсінде ұлағатты ту еткен әйел-аналар есімдерін тарихқа алтын әріппен жазушы биыл мерейлі 75 жасқа толып отырғаны және бар.

Автордың қос бірдей қуаны­шын алқалап келген Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, ақын Несіп­бек Айт­ұлы, белгілі айтыскер ақын Егеухан Мұқамәдиқызы, Мем­лекеттік сыйлы­қтың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова, белгілі жазушы Асқар Алтай және тағы басқа зиялы қауым өкілдері ­мен университеттің басшылық құ­рамы, ғалымдар қатысқан іс-шара­ны белгілі жазушы Әлібек Асқа­ров жүргізіп отырды. Есімдері атал­ған ақын-жазушылар сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерімен бөлі­­сіп, авторға ықылас танытты. Кеш­ті ұйым­дастырушы университет­тің фило­логия факультетінде оқи­тын бір топ студент Шәрбану Бейсе­нова шығар­машылығынан үзінді­лер оқыды.

Көшім ханға жар болған Сүз­генің, Сапагерейді жебеген Сү­йін­бикенің өмірі мен өнеге­сін суреттеген Шәрбану Қонақ­байқызының бір кейіпкері, академик Мұхамед­жан Қара­таевтың жары Мархума апай: «Киім сыртынан емес, ішінен то­зады», депті. «Әйел – киімнің іші. Ол сыртынан да мықты болуы керек, тозбауға тиіс». Бүгінгі ұрпақ біліп өсуге тиіс бір сөз осы деп білеміз.

Бөлісу:
Тарихи аналар бейнесін сомдаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар