Руханият
1 мин оқу 540

Сақ дәуірінен жеткен мүсін

<p style="text-align: justify;">Облыстық тарихи өлкетану музейінде әр дәуірдің көзіндей болған жәдігерлер жетіп артылады. Олардың біразын өңір тұрғындары кездейсоқ тауып алып, музей қорына өткізген екен. Солардың бірі &ndash; сақ дәуірінен жеткен еліктің мүсіні.</p>

Сақ дәуірінен жеткен мүсін

Деректерге сенсек, VIII-IХ ға­сырларда пайда болған делінетін жәдігерді Мойынқұм ауданына қарасты Амангелді ауылының тұр­ғыны кездейсоқ қолына түсір­ген көрінеді. Аңдық стильде жасалған мүсін сол дәуірдегі шеберлердің қолынан шыққан деседі білетіндер.

«Орта Азия білгірлері келтір­ген деректерге зер салсақ, елік ше­ка­раның, денсаулықтың, қауіп­сіз­діктің қорғаушысы, символы ретінде бағаланған. Жетісу өңірінде өмір сүрген сақтардың қола­дан жасалған мүсіні сол дәуір шеберлерінің деңгейін айқындап тұр. Көп жағдайда мұндай заттар мәйітпен бірге жерленген немесе діни рәсімдердің негізгі элементі ретінде мойындалған екен.

Әуелде сақтар табиғаттың тыл­сым құбылыстарына бас иген көрінеді. Күн, жел, найзағай секілді өзге де табиғат құбылыста­рын олар ай­рықша құр­мет­теген. Сол дәуірде ғұ­мыр кеш­кендердің түсі­нігіне сәй­кес Құдай түрлі жануарлар мен құстардың кейпіне енетін болған», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Гүл­мира Нұрхан.

ТАРАЗ

Бөлісу:
Сақ дәуірінен жеткен мүсін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар