Спорт
1 мин оқу 220
Иерусалимде белдеседі
<p style="text-align: justify;">Кеше Иерусалимде дзюдодан Jerusa­lem Masters турнирінің жалауы жел­біреді. Байрақты бәсекеде еліміздің балуандары бақ сынап жатыр.</p>

Атап айтар болсақ, Иерусалимде ел намысын ерлер құрамасынан Елдос Сметов, Бауыржан Нарбаев, Мағжан Шамшадин (барлығы – 60 кило), Ғұсман Қырғызбаев (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Абылайхан Жұбаназар (81 кило), Дидар Хамза ( 90 кило) және Нұрлыхан Шархан (100 кило) қорғайды.
Ал қыздар құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 кило), Севара Нышанбаева (57 кило), Аруна Жангелдина (78 кило) және Кәмила Берліқаш (78 кило) белдеседі.
Бөлісу: