Қаржы
1 мин оқу 336
Доллар бағамы көтерілді
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,99 теңгеге көтеріліп, 470,28 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 желтоқсандағы ресми бағамы долларға 469,18 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,71 теңгеден сатып алынып, 471,89 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,92 теңге, сату – 473,05 теңге.
Бөлісу: