Елордадағы «Ататүрк» саябағында шырша шамы жағылды
<p style="text-align: justify;">Шыршаның салтанатты жағылу рәсіміне аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев, аппарат қызметкерлері, ауданның тұрғындары мен балақайлары қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Алаңда Аяз ата мен ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлері мен түрлі аниматорлардың көңілді бағдарламалары шараны жандандыра түсті. Бұдан бөлек, алаңға келген балақайларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік отшашу да кештің сәнін кіргізді.
Шыршаның ұзындығы 6 метрді құрайды.
Сондай-ақ шыршаның жағылуымен қатар, саябақта сырғанақтар мен мұз айдындары іске қосылды. Аталған мұз айдындары мен сырғанақтарда қала тұрғындары қыс маусымының соңына дейін көңіл көтере алады.