Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған», делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапармен баратыны 19 желтоқсанда белгілі болған еді. Мемлекет басшысы Президент Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты талқылайтыны хабарланды.