Спорт
1 мин оқу 413

Елордада «ILYIN IRON CUP» турнирі өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Астанадағы &laquo;Qazaqstan&raquo; жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен &laquo;ILYIN IRON CUP&raquo; демонстрациялық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«ILYIN IRON CUP» – Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін сынға түсетін бірегей спорттық іс-шара.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, G-PARK компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов қатысты.

Илья Ильин атап өткендей, турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты насихаттау.

«Осындай жарыстарды кәсіпқойлар арасында ұйымдастыруды көптен армандадым, олар өз саласының мықты спортшылары. Болашақта бұл турнирді еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес елдерден көптеген спортшылар жиналып, бәсекелестік атмосферасын тағы бір сезініп, спорттың ұлылығына құрмет көрсететіндей «темір» жекпе-жек өнері бойынша «шағын олимпиада» ретінде көремін. Бұл менің спорттық карьерамды аяқтағаннан кейін жүзеге асырған алғашқы ірі жобаларымның бірі және біздің «Iron Cup» ешкімді бей-жай қалдырмай, жыл сайынғы спорт мерекесіне айналатынына сенемін», деп бөлісті Ильин.

в

Бөлісу:
Елордада «ILYIN IRON CUP» турнирі өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар