Елорда
1 мин оқу 171

Астанадағы проблемалы үйлердің құрылысы қашан аяқталады?

<p style="text-align: justify;">Елордада үлескер отбасылардың саны 2019 жылғы 16 мыңнан осы жылы 4 мыңға дейін қысқарды. Құрылысы ұзаққа созылған қалған нысандардың аяқталу мерзімі туралы Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен онлайн брифингте айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

2019 жылы елордада 150 проблемалы үй және 16 мыңнан астам үлескер отбасы болды.

х

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында бүгінде 120 үйдің құрылысы аяқталып, 13 мыңға жуық үлескер отбасы тұрғын үй алды. 2023-2024 жылдары қалған 8 нысанды немесе 30-дан астам үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 4 мың үлескер отбасы», деп түсіндірді Есет Байкен.

Әрбір нысан бойынша қаржыландыру көздері айқындалған тетік бар.

Бөлісу:
Астанадағы проблемалы үйлердің құрылысы қашан аяқталады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар