Қазақстанда үш ауысымды мектептер көбейді
<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне қарағанда, елде үш ауысымдық оқыту режимін ұстанатын мектептер саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6% - ға көп (160 мектеп). Үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% - ға өсті.
Бүгінгі таңда үш ауысымды мектептерде 291,1 мың оқушы оқиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп.
Ranking.kz деректеріне сәйкес, өңірлік бөліністе ең көп үш ауысымды мектептер Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.
19 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердің барлық әкімдеріне үш ауысымды және апатты мектептерді толығымен жоюды тапсырған еді.