Оқиға
1 мин оқу 363
Кеген ауданында жол апатынан 4 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Hyundai автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам Кеген-Көкпек-Түп автожолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Mitsubishi-мен соқтығысқан.
Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ тағы екі зардап шеккен адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.
Бөлісу: