Ауа райы
1 мин оқу 463

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар жауады. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, елдің орталығында солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, оңтүстік-шығысында  көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады деп күтілуде», делінген хабарламада. 

Астанада - ауыспалы бұлт, күндіз - қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматыда - ауыспалы бұлт, түнде қар, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Шымкентте - күн жауын-шашынсыз өтеді, ауыспалы бұлттылық байқалады. 

Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар