Әлем
1 мин оқу 371

Түрікменстандағы жаңа орталыққа Аркадаг атауы берілді

<p style="text-align: justify;">Ахал велаятының жаңа орталығы (Түрікменстанның оңтүстігіндегі әкімшілік бірлік) бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне Аркадаг атауын алды. Мұндай шешімді елдің Милли Генгеш Мәжілісі қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тиісті Жарлықты Ахал велаяты мен елдің басқа өңірлері тұрғындарының тілектерін, сондай-ақ «Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу тәртібі туралы» Түрікменстан заңына сәйкес қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Милли Генгеш Мәжілісі қабылдады», деп жазады Turkmenportal.com порталы.

Аркадаг - Түрікменстанның екінші президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың ресми және кең таралған атағы.

Бөлісу:
Түрікменстандағы жаңа орталыққа Аркадаг атауы берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар