Саясат
1 мин оқу 521

Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік

<p style="text-align: justify;">Таяуда Қазақстан Респуб&shy;ли&shy;&shy;ка&shy;сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен &laquo;Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы&raquo; бекі&shy;тіл&shy;мек. Ақпараттық доктрина &ndash; ақпараттық қауіпсіздік мәсе&shy;ле&shy;сі. Ол әсіресе ақпараттық тұ&shy;жы&shy;рымдамаға сай жаңартылуы керек.</p>

Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік

Әлеуметтік желілер, дәстүрлі медианың, интернет-БАҚ-тың артта қалуы, көкейкестілігінің азаюы нәтижесінде бүгінде ки­бер­қауіпсіздік мәселесіне кел­ген­де көптеген мәселеге келіп тірелеміз. Мысал ретінде фейк ақпараттардың көптеп таралуын, ақпараттық шабуылдардың үдеуін айтуға болады. Осының барлығына төтеп беру үшін бізге нақты бағыт-бағдар қажет.

Ақпараттық саясат бірнеше мәселені қамтуға тиіс. Біріншісі, жеке мәліметтерді қорғау. Екін­шісі, әлеуметтік желілердегі өшпенділік пен тіл мәселесі. Ол көбіне еліміздегі ұлтаралық кикілжіңнің кесірінен ушығып кетіп жатады. Үшіншісі, отандық ақпараттық кеңестіктің әлемдік ақпараттық кеңістікпен сәйкес дамуының бағыт-бағдары. Атал­ған мәселелер негізінде мем­лекет алдындағы міндет пен мақсат жүзеге асырылатын болады. Алдағы уақытта елі­міздегі киберқауіпсіздік, ақпараттық саясаттың даму ба­ғы­ты көзделеді.

Қазбек Майгелдинов,

Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы

Бөлісу:
Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар