Қаржы
1 мин оқу 232

Нарықта доллар бағасы төмендеді

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,97 теңгені құрап, бірден 4,70 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,61 теңгеге дейін өсті (+0,05).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,02 теңгені (-1,00) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 497,15 теңгеге, рубльді - 6,48 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 464-468 теңгеден, еуро - 490-496 теңгеден, ресей рублі - 6,4-6,8 теңгеден сатылады/сатып алынады.

Сондай-ақ 23 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркасының ақпан фьючерстері 1,82%-ға қымбаттап, барреліне 83,70 долларды құрады.

NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI ақпан фьючерстерінің бағалары 1,79%-ға өсіп, барреліне 79,69 долларға жетті.

Бөлісу:
Нарықта доллар бағасы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар