Қоғам
1 мин оқу 350

Электромобильдер үшін тегін тұрақ орындары пайда болады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев электромобильдерге көшуді ынталандыру бойынша жол картасында көрсетілген шаралар жайында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Вице-министр электромобильдерге көшуді ынталандыру жөніндегі жол картасында  келесі іс-шаралар көзделгенін нақтылады:

  • Газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне қарай дизель отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері);
  • Электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту және ынталандыру іс-шаралары (жауапты орындаушы - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері);
  • «Электромобильдер тұрағы» арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдер үшін тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда тегін тұрақ орындарын бөлу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері).
Бөлісу:
Электромобильдер үшін тегін тұрақ орындары пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар