Президент
1 мин оқу 251

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.&nbsp;</span></p>

Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы талқыланды.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына оң баға берді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар