Аймақтар
1 мин оқу 510

Керекуде фермерлік базар ашылды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Қымбатшылық қос өкпеден қысқан заманда Мемлекет басшысының &laquo;Егістіктен сөреге дейін&raquo; кооперациялық тізбегін үлкен шаһарларда дамытудың маңызы зор. Жаңа жыл қарсаңында Кереку қаласында шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей сатуға мүмкіндік беретін &laquo;Jailau&raquo; атты фермерлік базар ашылды.</p>

Керекуде фермерлік базар ашылды

Мұнда заманға сай базар ғимараты, азық-түлік қоймасы және далада сауда павильондары орналасқан. Әр сенбі сайын өңірдегі шаруашылықтар жиналып, жәрмеңке өткізеді. Ал жабық базардың өзі аптаның 6 күнінде жұмыс істеп, тұтынушыларға азық-түлік тауарларын жергілікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзанға сатады. Сауда орындарын жалға алатын кәсіпкерлер шаршы метрі үшін айына небәрі 2000 теңге төлейді екен. Мұндай жеңілдік азық-түлік өндіру саласындағы ірі өндірушілер мен танымал брендтерді қызықтырып отырғанға ұқсайды. Қазірдің өзінде іштегі орындарға 32 кәсіпкер жайғасып үлгеріпті.

Пр

«Jailau» базарының ашылу күні 8 ауданның шаруалары өз өнімдерін тікелей саудалап, тұрғындарды ауылдың берекесіне қарық қылды. Картоп пен қырыққабат, сәбіздің килосы 95 теңгеден, бірінші сұрыпты жұмыртқаның ондығы - 450, сүттің литрі 170 теңгеден босатылды. Жәрмеңкеде ет те арзан, сиырдың жұмсақ еті мен қойдың жамбасы - 2000, жылқының қазысы 2300 теңгеден сатылып жатқанын байқадық. Жарма өнімдері, күнбағыс майы, тауық және қаз еттері, жоғары сұрыпты ұн, құрт-қаймақ, сары майдың түр-түрі сөрелерде самсап, жұрт таласа-тармаса сатып алды.

Ми
Кк

Бөлісу:
Керекуде фермерлік базар ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар