Ауа райы
1 мин оқу 260

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</span></p>

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с дейін жел соғады. 26 желтоқсанға қараған түні желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында жел соғып, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында да екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Түркістан облысының тау бөктерінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Бөлісу:
Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар