Медицина
1 мин оқу 334

ДСМ адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

«Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР-дің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті», деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3%-ға өскен.

Сонымен қатар, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. 

Осыған байланысты спикер R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті. 

Бөлісу:
ДСМ адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар