Оқиға
1 мин оқу 280

Астанада өрт шыққан үйден екі бала құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Кеше &laquo;Sezim Qala&raquo; тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Құтқарушылардың арқасында алты және бес жасар ұл мен қыз аман қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордалық ТЖ департаментіне өрт туралы хабарлама 25 желтоқсан күні сағат 12:36-да түскен. Он екі қабатты «Sezim Qala» тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатында пәтердің ас үйінде тоңазытқыш пен есіктің ойығы өртенген. Өрт сөндірушілер өртті сағат 12:58-де сөндірді.

«Құтқарылған ұл мен қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық», деп хабарлады Астана қалалық ТЖ департаментінен. 

Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 19 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Астанада өрт шыққан үйден екі бала құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар