«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа ұшақпен толықты
<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы жылғы 24 желтоқсанда «Fly Arystan» авиакомпаниясы «A320neo» әуе кемесін алды. Сыйымдылығы 188 орындық бұл ұшақ флоттағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.
Осылайша, биыл тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 креслоға дейінгі жаңа 12 ұшақ алды.
Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Ол Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.