Оқиға
1 мин оқу 490

«Ақыртас туралы аңыз»

<p style="text-align: justify;">Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына жиналған жұртшылық &laquo;Ақыртас туралы аңыз&raquo; атты қойылымның премьерасын тамашалады. Біраз уақыт бойы жарнамасы жер жарған спектакльге деген жұрттың қызығушылығы зор екенін жиналған жастардың көптігінен аңғардық.</p>

«Ақыртас туралы аңыз»

Балалар үшін арнайы дайын­далған ертегі форма­тындағы қо­йылымның авторы Сантөре Пір­манов болса, Жібек жолы бойын­дағы тарихы тереңде жат­қан Ақыртас қалашығының бірне­ше ғасыр бұрынғы тір­шілігін аңыз ретінде жас ұрпақ санасына жеткізуге театр директоры Мәлік Ақүр­пеков атсалысқан.

Жасөспірімдердің санасына адалдық деген ұғымды жан-жақты сіңіруге тырысқан авторлардың еңбегі зая кетпеді. Олар хан сарайына түскен қарақшы Ұсқын образы мен ниеті бұзық Тас-Мыстанның әре­кеттерінен же­рінді. С­оңыра Әулиебұлақ же­рінің жұрты мен Алаңғасар әмір­шінің халқының ымы­раға келуі, жақсылық пен ізгіліктің қай кезде де сатқын­дықты жеңетіні бүл­дір­шіндерді қуантты. Режис­­сер Әулиебұлақ тари­хымен ұш­тастыра оты­рып, киелі жердің соңыра Ақыртас аталуын та­рих­пен сабақтастыра алғаны да көңілге қонды.

– Қойылымның мақсаты – жас ұрпақтың елі мен туған жері туралы танымын арттыру. Мұндағы оқиғалар жас ұрпақты бастаған істі жүзеге асырудағы ауызбіршілікке, өзара ынтымақтастыққа үндейді. Сонымен қатар ұрлықтың түбі қашанда қорлық екенін, жаман­­дықтың жерде жатпайтынын жас ұрпақ санасына жеткізуге күш салдық, – дейді спек­такльдің қою­шы режиссер Ербол Абжалов.

ТАРАЗ

Бөлісу:
«Ақыртас туралы аңыз» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар