Аймақтар
1 мин оқу 184

Алматы облысының жолдарында фоторадар пайда болды

<p style="text-align: justify;">25 желтоқсаннан бастап Алматыда жолдардың апатты және жоғары жылдамдықтағы учаскелеріне &laquo;Kris-P&raquo; мобильді фоторадар жүйелері орнатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жүйенің тиімділігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала жолдарындағы апатты жағдайларды азайтуға, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар санын азайтуға, шығынды азайтуға және жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл жүйе «Борышкер» ОПМ-ны дамыту шеңберінде пайдаланылады, оның аясында облыстың барлық аумағында, оның ішінде «борышкерлерді» мақсатты түрде анықтау үшін Kris-P техникалық құралдарын пайдалана отырып, республикалық маңызы бар жолдарда рейдтер жүргізілетін болады.

ПД айтуынша, «Алматы – Көкпек – Көктал» және «Алматы – Бішкек» бағытындағы тасжолда жол апаты көп тіркеледі.

Бөлісу:
Алматы облысының жолдарында фоторадар пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар