Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 желтоқсанда Абай облысында, Семей қаласында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен және Риддер қалаларында – екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады.